Теракт кезінде қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

20 маусым 2019 5222 0
Оқу режимі

Кеше Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті, деп жазады Aktobenews.kz. ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының оқ ату сайысы бойынша біріншілігі әскери борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандар құрметіне арналған.

«Ақжар» оқу-жаттығу алаңында өтетін іс-шараға 70-тен аса әскерилер қатысады. Турнирге Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан өңіріндегі әскери бөлімдердің спортшылары келген.

«Үш жыл бұрын қызмет үстінде қаза тапқан жауынгерлер ерлігі ұмтылмайды. Олар ел үшін кеудесін оққа қойды. Жауынгерлердің алдында басымды иемін. Бүгінгі шара қатысушыларына жеңіс тілеймін», – деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының орынбасары Павел Ситников.

2016 жылдың 5-маусымында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқандар есімі бөлімшеде таспен жазулы тұр. Еске салсақ, қарулу қақтығыс кезінде майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза болды.
 

Дереккөз: Aktobenews.kz

Пікірлер Кіру