Төртінші күннің есебі: Жұмыс тобы 4166 адаммен кездесті (ФОТО)

18 қыркүйек 2021 3252 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобы Атырау облысына жасаған жұмыс сапарының төртінші күні 26 кездесу өткізді. Кездесу, сұхбат, семинар форматында өтіп, оған бір күн ішінде 4166 адам қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Сарайшық елдімекеніне арнайы барып, хан ордасын зиярат етті. Сарайшықта құрылысы басталған мешіттің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

Бас мүфти атыраулық БАҚ өкілдерімен арнайы кездесіп, мүфтият тарапынан атқарылып жатқан жұмыс бағыттар туралы ақпарат берді. Еркін диалог форматында өткен кездесуге Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қатысты.

Бұл күні Бас мүфти «Иманғали» орталық мешітінде жеке азаматтарға дәстүрлі емес діни ағымның зияны туралы түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ұстаз Сансызбай Шоқанов Атырау қалалық Құспан молла мешітінде жамағатпен кездесті. Жалпы аудиториясы 230 адамды қамтыған кездесуде «Аятул курси» аятының тәпсірі туралы дәріс оқып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

РАНТ мүшелерінің тікелей қатысуымен емін-еркін пікір алмасу, сұрақ-жауап форматында түрлі кездесулер білім ордаларында, еңбек ұжымдарында, облыс орталығындағы өзге де мешіттерде жалғасын тапты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру