Тұрғындары жиі ажырасатын мұсылман мемлекеті анықталды

10 шілде 2019 7255 0
Оқу режимі

Сауд Арабиясының Әділет министрлігі 2019 жылдың мамыр айындағы неке мен ажырасу көрсеткіштерін жариялады. Бір қызығы, корольдік тұрғындары арасындағы неке мен шетелдік азаматтармен жұп құрған жанұялар арасындағы көрсеткіштер арасы жер мен көктей болып отыр.

Мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың мамыр айында корольдік тұрғындар арасында 711 неке қиылған екен. Ал, ажырасқандар саны 900-ге жеткен.

Ал, жұбайлардың бірі шетелдік азамат болған неке саны – 2596. Ал, ажырасқандар саны 228 болып отыр.

Сондай-ақ, жарияланған мәліметте Сауд Арабиясында талақ мәселесі тым ушығып тұрғаны айтылады. Корольдік азаматтары, тіпті, тамағы суық болғаны үшін, әйелі футбол көргені үшін немесе әлеуметтік желіні пайдаланғаны, тым семіріп кеткені үшін, т.с.с. себептермен жұбайларын жарты жолда қалдырып кете беретіні белгілі болып отыр.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру