Түркістанда Абайдың 175 жылдығына арналған семинар өтті (ФОТО)

17 қазан 2019 5295 0
Оқу режимі

Ұлы ақынның туғанына 175 жылдық мерейтойына орай Түркістанда «Абай мұрасының рухани тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт-бағдары» атты облыстық семинар өтті. Оған ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев, елге белгілі абыз-ұстаз Абдулла Жолдас, аудан-қала имамдары мен облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары қатысты. Семинар барысында имамдарға ақида, фикһ, халал стандарттау және т.б тақырыптарда арнайы дәрістер өткізілді. 

Бірінші наиб Мүфти Наурызбай Тағанұлы халықты діни сауаттындыру үшін имамдардың білімін жетілдіру керектігін айтып, бұл мақсатта өкілдік жанынан кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын ашуды, тоқсандық, жылдық жоспар түзіп, Имам Матуриди мектебін қалыптастыруды тапсырды. Имамдарға қызметке адалдық танытып, жауапкершілікпен атқаруға шақырды. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, аудан-қала имамдарына арналған «Білімдіге дүние жарық» атты жарыс жарияланғанын мәлімдеді. Имамдардың бабы сыналатын сайысқа бағасын беруге ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары шақырылды. 

Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру