Түркістанда төрт қабатты мешіттің құрылысы басталды (ФОТО)

11 маусым 2020 4532 0
Оқу режимі

Сайрам ауданының әр ауылында 50-60 мың адам тұрады. Мешіті де, жамағаты да көп. Ертеректе әр көшенің басына салынған кішігірім намазханалардың өзі босамайды.

Бір ғана Қарабұлақ ауылдық округінде 22 мешіт, 24 намазхана бар. Тек 4 мешітте жұма намазы оқылады. Жергілікті жамағат ескі намазханалардың орнына жаңадан мешіт тұрғызуға пейілді.

Ауылдағы «Жалал баба» мешіті қайта салынып жатыр. Ескі ғимараттың орнына төрт қабатты мешіт бой көтеріп келеді. Құрылысты жамағат пен демеушілер қарқынды жүргізуде. Ауылда жер тапшы болғандықтан, көп қабатты етіп салу көзделген. Бұл ДСАК бөлмесі, асхана, намазханасы бар кешенді мешіт болады.

 

Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру