Түркістандағы екі ауданның имамы ауысты (ФОТО)
Түркістан облысында ауыл және аудан имамдарының бұған дейін атқарған жұмыстары сараланып, жан-жақты талдау жүргізіліп, қызметінен босату ұсынылып жатыр. Олардың орындарына жоғары білімді мамандар тартылуда.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың бұйрығымен Созақ ауданына бас имам болып Мейрамбек Абдіқұлов тағайындалды.
Ал, Мақтаарал аудандық "Абдул Әкім" мешітінен Қуаныш Бимағамбетов бас имамдықтан босатылып, орнына Жетісай ауданының наиб имамы әрі зекет жетекшісі қызметтерін қатар атқарған Бауыржан Паташов жайғасты. Мақтааралдық жамағат Бас мүфти Серікбай Оразға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Жаңа имамдарды Созақ және Мақтаарал жұртшылығы қуана қарсы алды. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді жамағатқа ҚМДБ тарапынан дәстүрлі дініміз үшін оңтайландыру жүргізіліп жатқанын түсіндірді.
Дереккөз: Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі