Түркия мүфтиі Ораза айтпен құттықтады

25 мамыр 2020 958 0
Оқу режимі

Түркия Республикасы Дін істері басқармасының төрағасы профессор, доктор Әли Ербаш ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына Ораза айт мерекесімен құттықтау хатын жолдады.

Ол әлемге таралған індетке байланысты мешіттерде жамағат намаздары оқылмай, ауызашар дастарханында мұсылмандардың басы қосылмаса да, ортақ дұғада болып, осы Қасиетті айды мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөлумен өткізгенімізді айрықша атап өткен.

«...Сондай-ақ, Ұлы Алланың пәк екенін ұғуға, ойлануға және Исламның тазалық, адал мен арамның аражігі ажыратылған дін екенін, оның ондаған хикметін сезінуге мүмкіндік туғанына сенемін.            

Әлемді жаулап адамзатқа қауіп төндірген Коронавирус (COVID-19) індетінің жылдам аяқталуын тілей отырып, Өзіңіз басшылық ететін, Қазақстандағы бүкіл мұсылман бауырларды  биылғы Ораза Айтпен құттықтаймын. Бұл ерекше күндерде Ислам әлемінде және бауырлас елдерімізде тыныштық, бейбітшілік және амандық болуын шын ниетпен тілеймін», - дейді профессор Ә.Ербаш.      

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру