Уағыз-насихат бөліміне жаңа маман тағайындалды (ФОТО)

31 желтоқсан 2020 3247 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сайфуллин Думан Нәдірұлы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы қызметіне тағайындалды.

«Сайфуллин Думан Нәдірұлы Аягөз аудандық орталық мешітінің бас имамы қызметінен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы Уағыз-насихат бөліміне маман болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

Бүгін Наурызбай қажы Тағанұлы Думан Сайфуллинді ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. «Думан Нәдірұлы жазушылық қабілетімен, жан-жақты өнерімен танылып келе жатқан жас имамның бірі. Соңғы жылдары бірнеше кітап жазып, оқырмандардың ықыласына бөленіп те үлгерді. Өзіне берілген қызметтік міндеттемелерді абыроймен атқарады деген сенімдемін», - деді Бас мүфти. 

Думан Нәдірұлы Сайфуллин  1986 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында туған

Білімі:

2004-2008 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті универсиететінде білім алды;

2008-2010 жылдары «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің магистратурасын тәмамдады;

2012 жылы Алматы қаласындағы Ислам институтында білімін жетілдірді;

2015 жылы Каир қаласында әл-Әзһар университетінің білім жетілдіру институтында ілімін шыңдады;

Жұмыс тәжірибесі:

2011-2013 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы «Орбита» мешітінде азаншы қызметін атқарды;

2012-2013 жылдары Алматы қаласындағы Ислам институтында араб тілі және хадис пәнінен ұстаздық етті;

2013-2014 жылдары ШҚО Семей өңірі Аягөз қалалық мешітінде наиб имам қызметіне тағайындалды;

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап ШҚО Семей өңірі Аягөз қалалық мешітінде бас имам болды.

2019 жылдан бері ҚМДБ жанындағы РАНТ мүшесі.

«Ислам әдептері», «Көркем мінез» кітаптарының авторы.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру