«Уақып» қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына автокөлік сыйлады (ФОТО)

23 мамыр 2018 10067 0
Оқу режимі

Бүгін «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің игілігі үшін  темір тұлпар тарту етті. Қор президенті Қайрат Орынбайұлы бастаған топ республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келіп, автокөлік кілтін салтанатты түрде ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлына табыстады. Қор атынан жасалған қайырымдылық шарасына орай Наурызбай қажы Тағанұлы ризашылығын жеткізіп, ҚМДБ атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, «Jaс» маркалы темір тұлпар Қостанай машина құрастыру зауытынан шыққан отандық өнім болып есептеледі. Қасиетті Рамазан айында жасалып отырған  бұл игі жақсылық демеуші кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асып отыр.

Қайрат Орынбайұлы, «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының президенті:

«Авто» мекемесінің өкілдері Рамазан айында біздің «Уақып» қайырымдылық қорына көлік сыйлап, оны осы иман жолында жүрген имамдарға, діни басқармаға қайырымдылық ретінде беріп отыр.

Біздің қордың жұмыс істеп жатқанына қазір 1 жылдың көлемі болды. Өте көп кәсіпкерлер бізге өзідігінен келіп, қол ұшын беруге ниеттеніп отыр. Одан түсіп жатқан қаражаттардың көлемі қомақты болғандықтан соның арқасында бүгінгі күні 355 имамға материалдық көмек көрсетіп отырмыз. Екінші жағынан 170-тей имамды біліктілігін көтеру институтына жіберіп отырмыз. Мұның бәрі Елбасының рухани жаңғыру жолдауы аясында жүріп жатқан шаралар».

Пікірлер Кіру