«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ДІНИ ОҚУ ОРНЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

01 қыркүйек 2025 964 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Уақып» қорының діни оқу орындарын қолдау бастамасына орай, Астана қаласы өкілдігі мен «Aq meshit» мешітінің ұжымы 1 қыркүйек – Білім күніне орай, «Астана» медресе колледжінде қызмет ететін ұстаздардың ұл-қыздарына мектеп сөмкелері мен оқу құралдарын табыстап, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Бұл іс-шара білімге деген құрметті арттыру, жас жеткіншектердің оқуына ынта мен қызығушылық ояту, сондай-ақ ұстаздар мен олардың отбасыларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

«Алла Тағала демеуші жандардың әрбір сауапты амалын қабыл етіп, шәкірттердің іліміне береке берсін, жас жеткіншектердің болашағына нұр жаудырсын. Жақсылыққа жарысатындар көбейе берсін, қоғамымыздағы ізгілік пен мейірімділік әрдайым үстем болғай!», – деп тілек білдірді ұйымдастырушылар.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру