ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (ФОТО)

06 қазан 2022 2429 0
Оқу режимі

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ ғимаратында Ұлттық аккредиттеу орталығы өкілдерімен кездесті.

Кездесуге орталықтың бас директоры Қайнар Тайжанов, бас директордың орынбасары Мақсат Айтышев, департамент басшысы Алмат Орынғалиұлы т.б қатысты.

Басқосуда халал кәсіпорындардың және халал сертификаттау ұйымдарының мәселелері қаралды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бүгінде халық тарапынан халал өнімдерге деген сұраныс күн санап артып келе жатқанын алға тартты. Бұл бағытта ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» мекемесі халықтың шариғатқа сай халал өнімді тұтынуына қолайлы жағдай жасап отырғанын тілге тиек етті.

Сондай-ақ жиында тұтынушылардың сертификатталған өнімдерге деген сұранысы мен сенімін нығайту, кәсіпорындардың халал белгісіне деген сұранысын арттыру секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру