ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНА БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
09 тамыз 2024
1282
0
Оқу режимі
Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ұлытау облысының бас имамы болып Бейбіт Жансарин тағайындалды. Ол бұған дейін Сәтбаев қалалық «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің имамы қызметін атқарды.
Жаңадан тағайындалған бас имамды жұма уағызы кезінде өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы таныстырып, ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ діни саладағы еңбегіне мүфтият ұжымы атынан алғыс білдірді.
Сонымен қатар Сансызбай Құрбанұлы Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлымен кезлесіп, жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырды.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру