УМРА ҚАЖЫЛЫҚҚА НИЕТ ЕТУШІЛЕРГЕ СЕМИНАР ЖҮРГІЗІЛДІ (ФОТО)

22 қаңтар 2024 812 0
Оқу режимі

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде  умра қажылық ғибадатын өтеуге ниет еткен бір топ жамағатқа Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы  Адия Төлегенқызы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заң»-ды түсіндірді. Сонымен қатар соңғы кездері біршама сөз болған, шет елдерден  қажылар елімізге  қанша мөлшерде діни кітаптар алып кіруіне болатыны жайлы  бекітілген нормативтік құқытық актілерді таныстырып, толық түсініктеме берді.

Келесі кезекте «Әзірет  Сұлтан» мешітінің  ұстазы  Жолды Шалқар  жиналған жамағатқа  умра қажылық ғибадаты, оның ерекшелігі, қажылардың қасиетті жерлерде атқаратын құлшылықтары, ихрам кию т.б діни рәсімдерді түсіндірді.

 

 

Пікірлер Кіру