ҰҚК: 14 азаматқа терроризм бойынша айып тағылды

17 қазан 2019 4766 0
Оқу режимі

Сирияда ДАИШ-тың жасағында болған 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы бала. Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша сот үкімімен әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

«Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тың бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды», делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді.

 

Пікірлер Кіру