Вице-министр «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің имамдарымен кездесті (ФОТО)

09 қараша 2019 5350 0
Оқу режимі

 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде болып, қала имамдарымен кездесу өткізді.

Вице-министр имамдардың қазіргі уақытта жүргізіп отырған жұмыстарын жоғары бағалап, назар аударуға тиіс басым бағыттарды түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана өткен ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттардың маңыздылығына тоқталды. Марат Әзілханов жат ағымдармен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, имамдар басымдық беруге тиіс бағыттар жайында әңгіме қозғады.

Сондай-ақ вице-министр имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Дереккөз: «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру