XIII Халықаралық «Халал» Конгресі өтті
ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Асқарбекұлы ХІІІ Халықаралық «Халал» Конгресіне қатысты.
5 елдің өкілдері қатысқан жиында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы құттықтау сөз сөйледі.
«Бұл бәрімізге өте маңызды шара. Біз Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан халал стандарттау және сертификаттау ұйымдарымен бірге Еуразиялық одақ құру шеңберінде бірлесіп жұмыс істейміз. Елдердің өзара түсіністік түсіністік пен қолдаудың арқасында біз сауда, импорт, экспорт мәселелерін бір-бірімізбен тығыз жұмыс істей отыра шешеміз. Біздің мақсаттарымыздың бірі – халал стандарттау және сертификаттау бөлімдерін әр елдің Діни басқармалары арқылы ғана жұртқа таныту» деді Айбек Асқарбекұлы.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі