«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

01 қазан 2024 386 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінің «Әйел-қыздар» секторы ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге арнап Мәуліт кешін өткізді.

«Ырыскелді қажы» мешітінің ұстаздары жайылған ақ дастархан басында жамағатқа екі дүние сардары жайлы уағыз-насихат айтып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік пен Алла Елшісін (с.ғ.с) шынайы жақсы көрудің маңыздылығын түсіндірді. Бұдан кейін Мәуліт жыры оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) сәлем-салауаттар жолданды.

Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Пікірлер Кіру