«Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті (ФОТО)

27 наурыз 2021 653 0
Оқу режимі

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық шарасымен нұрлана түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды жұма» жобасы аясында өткен «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясында Елордамыздағы 10 мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.

Мешіт бас имамы Яхия Исмаилов жамағатқа жұма күнінің қадір-қасиетін жеткізіп, бүгінгі щараның маңыздылығын айтты. Тұрмыс тапшылығын тратқан жандарға қолдау білдіріп, дұға жасады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру