«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ «ҚАЖЫНЫҢ РУХАНИ КЕЛБЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

11 ақпан 2024 776 0
Оқу режимі

Өткен жылдың басында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде «Имам – ізгі қоғам жаршысы» V Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар тізімінде «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжаты болған еді. Қажылармен әрдайым тығыз байланыста болып, олармен нәтижелі жұмыс істеу үшін бұл құжат маңызды орын алады. 

Осыған орай «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын насихаттау мақсатында «Ырыскелді қажы» мешітінде жұма намазынан кейін пәтуа сағатында жамағатқа қажылық пен умра рәсімдері туралы уағыз айтылып, тұғырнамалық құжат таныстырылды.

Жамағатқа құжаттың негізгі мақсаты бес парыздың бірі қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымызды қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болуға шақыру екенін жеткізді. Сонымен қатар, тұғырнамада көтерілген мәселелер, қажылыққа және қажыларға қойылатын талаптар, бүгінгі күнде түйіткілді болып отырған мәселелер мен олардың шешімі туралы айтылды. Қажылыққа баратын жамағатқа қажылық мәдениеті және оны сақтау туралы кеңінен түсіндірілді. 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру