«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

04 қазан 2024 177 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты  «Ырыскелді қажы» мешітіне наиб имам тағайындалды. 

Қасиетті жұма күнінде өткен тағайындауға «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар Сәлімбеков қатысып, жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді. Сондай-ақ, енді ғана қызметіне кіріскелі жатқан наиб имам Токашев Нұржан Сатылғанұлын жамағатқа тыныстырып, жаңа қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

Токашев Нұржан Сатылғанұлы
1987 жылы жамбыл облысы Шу қаласында дүниеге келген. Үйленген 4 баласы бар

Білімі:
2010-2013 жылдары Алматы қаласы «Әбу-Ханифа» медресесінде «Исламтану» мамандығын тамамдаған.
2013-2016жылдары «Нұр-Мүбарак» университетінің «Исламтану» мамандығын бакаларв оқыған.

Еңбек жолы:
2016-2021 жылы Астана қаласы “Әл-Ғани” мешітінде ұстаз қызметын атқарып кейін 
2021-2024 жылдар аралығында сол “Әл-Ғани” мешітінің наиб имам қызметін атқарған.

Пікірлер Кіру