«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ»: «ӘЛ-ФАРАБИ» МЕШІТІНІҢ САНТЕХНИК МАМАНЫНА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)

28 қазан 2025 675 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «14 мешіт, 14 қызметкер» жобасы іске қосылып, алғашқы бастамасы елордадағы «Әл-Фараби» мешітінен бастау алды.

Құлшылық ордасында оператор әрі сантехник маманы болып қызмет атқарып жүрген жанға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік қоржыны үлесірілді. Іс-шараға Астана қаласы өкілдігі бойынша жауапты маманы Нұрбол Оразбай жән басқа да дін қызмектерлері мен еріктілер атсалысты.

Айта кетсек, аталмыш жоба алдағы уақытта жалғасын табады. Қайырымдылық – қоғамдағы мейірім мен ізгілікті арттырып, мұқтаж жандардың көңіліне қуаныш ұялататын игі амал. Бұл бастама халқымыздың бірлік пен бауырмалдыққа негізделген асыл құндылықтарын дәріптеп, ел ішінде ізгі істердің үлгісін көрсетуді мақсат етті.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру