«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ӨКІЛІ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

26 ақпан 2024 559 0
Оқу режимі

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай Астана медресе-колледжін тәмамдап жатқан студенттермен кездесіп, алдағы қызмет жолында оларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ дінге қызмет етудің сауабы мен жауапкершілігі жайлы баяндап, қайырымдылықтың, мұқтаждың мұңын бөлісіп, мұсылманның қажеттілігінде болудың маңыздылығын атап өтті.  

Маман ретінде алдағы уақытта қызмет жолына аяқ басқалы отырған студенттер өздерін толғандырған мәселелер төңірегінде сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру