«Зейін» клубы мүшелерінің қатары артып келеді (ФОТО)

10 ақпан 2020 4714 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігіне қарасты «Рухани Жастар» қанатының «Зейін» оқырмандар клубы ашылғалы бері тағылымды басқосулар мен кездесулерді ұйымдастырып келеді. Атап айтсақ, әр жексенбі күні тұрақты түрде жастар өзара бас қосып, қоғам қайраткерлері мен тұлғалардың насихатына құлақ түреді. Клуб мүшелерінің қатары да күн санап артып келеді.

Күні кеше Білім және Ғылым министрлігі баспасөз қызметінің SMM маманы Бекарыстан Нұрланұлымен кездесу өтті. Кеш қонағы «Сөйлеу. Талдау. Тыңдау.» атты тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Жиналған қауым шешендік өнер, кісінің сөйлеу мәдениеті жайында пайдалы инсайттар алды. Кездесу ашық және еркін форматта өтті. Жастар көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алып, өзара пікір алмасты. 

Кездесу соңында әлеуметтік желіде үздік пікір жазғаны үшін клуб мүшесі Индира Мейірғалиқызы «Ең үздік Пікір» номинациясымен марапатталды.

Muslim.kz суреті.

 

Пікірлер Кіру