ЖАС БАЛАЛАРҒА ДІНИ САУАТ АШУ КУРСТАРЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)

06 наурыз 2023 2085 0
Оқу режимі

Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағаттың сұрауымен 6-12 жас аралығындағы ер және қыз балаларға арналған діни сауат ашу курстары ашылды. Дәріске жазылған 70 шәкіртке азаншы Қайнар Базарханұлы мен мешіт ұстазы Шалқар Жолды аптасына екі рет сабақ береді.

Дәрісте Құран оқуды үйретіп, ислам құндылықтарын қалыптастыруға көңіл бөлінеді. Ұстаздар балалардың қызығушылығына сай тағылымға толы мультфильмдер көрсетіп, ойындар ойнатады.

Айта кетейік, бұған дейін жас балаларға арналған діни сауат ашу курстары тек жаз айларында өтетін.

Суреттер топтамасын ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарынан көре аласыздар.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру