ЖАСТАР АРАСЫНДА ДОСТЫҚ ФУТБОЛ ОЙЫНЫ ӨТТІ (ФОТО)
11 қыркүйек 2025
1317
0
Оқу режимі
Астана қаласы өкілдігінің Жастар ісі секторының жылдық жоспарына сәйкес «Aq meshit» пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің жастары арасында достық футбол ойыны өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасап, спорт арқылы олардың ынтымақтастығы мен бірлігін арттыру. Жарыс достық рухта өтіп, екі тараптың ойыншылары өзара сыйластық пен татулық үлгісін көрсетті. Кездесу барысында тек спорттық бәсекелестік емес, сонымен қатар бауырмалдық пен өзара қолдау сезімі де айқын байқалды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ойындар жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, олардың денсаулығын нығайтуға және діни-рухани бірлікті күшейтуге ықпал етеді.



Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру