ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ ҚАУІПТІ ІНДЕТТІҢ ЗАРДАПТАРЫ ЖАЙЛЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ (ФОТО)

05 қыркүйек 2025 1203 0
Оқу режимі

«Al-Farabi» мешітінде Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жоспарлы тапсырмаларына сәйкес «Нашақорлық – құрдымға кетіреді» тақырыбында семинар өтті.

Ақ дастархан жайылған жиынға Астана қаласы өкілдігі Жастар ісі секторының жетекшісі Рахымжан Талғатұлы қатысты. «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қасым Махмұд аталмыш тақырып төңірегінде насихатты айтты.

Насихат барысында қазіргі күні рухани дерт ретінде кең тараған нашақорлыққа жол бермеу үшін әрбір адам білуі тиіс оның зиянды жақтары атап өтілді. Сондай-ақ, бұл дерттен арылудың жолдарына тоқталып, нәпсіні жаман қалаудан тыюдың, балаға жастайынан дұрыс тәрбие берудің, жаман ортадан алшақ жүрудің маңыздылығы түсіндірілді. Бұған қоса Құран аяттары мен Пайғамбар (ﷺ) хадистерінде кездесетін насихаттар тілге тиек етілді.

Басқосу соңында жамағатқа ел болып, бесігімізді түзету үшін жастарға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыру қажеттігі айтылды. Жамағатпен бірге Алла Тағала біздерді нәпсінің жетегіне еруден, түрлі күнәлі істерден сақтап, аулақ жүруді нәсіп етуін сұрап дұға жасалды.

c34ba99c-0f54-4729-b2f0-328c14dfa41c.jpegb3c58a76-9d43-42ad-8d34-9e3907cfb2a8.jpeg5840565c-86b4-4ee2-ba39-b24bb6fb5c40.jpeg1441ff64-29f4-4ed8-b635-50efe2dd9938.jpeg0af4c811-3806-4e8d-ab7f-367650c72238.jpeg

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру