ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ: «СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН ФУТБОЛ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

20 қыркүйек 2024 182 0
Оқу режимі

Астана қаласы Жастар ісі секторының «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі жауапты мамандарының атсалысуымен шәкірттер арасында футболдан сайыс өтті.

Аталмыш шараға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің іс басқарушысы Ілияс Отаров және басқа да өкілдіктің діни қызметкерлері мен мешіт шәкірттері қатысты.   

Тартысты ойын соңында мешіт шәкірттері Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлының қолынан арнайы төсбелгілер мен сертификаттар алды.

Пікірлер Кіру