«Жеті рухани қазық» туралы дәріс өтті (ФОТО)

25 қазан 2019 5403 0
Оқу режимі

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Астана» медресе-колледжінде оқып жатқан шәкірттермен кездесіп, ІІІ республикалық форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы» құжатын түсіндірді.

«Халқымыздың дәстүрінде жеті қазына қандай киелі болса, еліміздегі мұсылман қауымының тіршілігі мен құлшылығында жеті рухани қазық сондай қастерлі болуы керек. Ендігі мақсат – осы тұғырнаманы халыққа насихаттау. Жұма уағыздарында, жамағат намаздарынан кейінгі дәрістерде Рухани Тұғырнаманың мақсаты мен міндеттерін, тәлімдері мен ұстындарын ұлтымызға жеткізу – баршамыздың асыл борышымыз», – деп атап өтті Әнуар Елжанов.

Кездесу барысында Әнуар Ізімбайұлы маңғыстаулық шәкірттермен сұхбаттасып, оларға діни салада қызмет етудің маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, медресе тынысымен танысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру