Жоробой Шерғазыев: Ғалымдардың алла алдындағы дәрежесі жоғары (ФОТО)

24 маусым 2021 2948 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында басталған Әбдісаттар, Әбдіғаппар Шәкірұлдарының рухына арналған «Дін руханиятының ұлағатты ұстаздары» халықаралық ғылыми-танымдық конференциясына арнайы келген Қырғызстан мүфтиінің міндетін атқарушы Жоробой қажы Шерғазыев алқалы жиынның маңызына тоқталып, ғалымның Алла алдындағы дәрежесі жайында насихатын жеткізді.

«Құран аятында: «Алла сендерден иманға келгендердің және білім берілгендердің дәрежелерін көтереді», ‒ делінген. «Алла Тағала пенделерінің ішінен ілімді тартып алмайды, Алла ғалымдардың жанын алумен ілімді тартып алады» деген Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз. «Ғылым заман тұрғанша тұрады» дейді Хазіреті Әли. Міне, ғалымдарымыз жайлы Құран мен хадисте осылай делінген. Ал бүгінгі конференцияның өзегіне айналған қос ағамыздың еңбегі ерекше. Көрші қырғыз елі де құрмет тұтады. Еңбектерін оқимыз. Алла Тағала осы дүниеде атқарған сауапты амалдарын қабыл етсін. Бұл әулетке береке тілеймін!», – деді Жоробой қажы Шерғазыев.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру