«Жусан» бойынша отанға оралған отбасылармен кездесті (ФОТО)

27 мамыр 2020 1352 0
Оқу режимі

Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жусан» операциясы арқылы елге оралған қыз-келіншектермен жүздесіп, Ораза айтқа арналған сый-сияпат ұсынды.

Бас мүфти өз сөзінде Отаннан асқан аяулы мекен жоқ екенін еске салды.

«Біздің Отанымыз – Қазақстан. Шетелге шыққан сайын, елімізді сағынамыз. Қазақстан – біздің төлқұжатымыз. Алладан кейінгі қолдаушымыз да – осы Отан. Сіздерге көрсетіліп жатқан түрлі көмек – осы Отанның қамқорлығы, шарапаты.

«Зекет» қорының бастамасымен өздеріңізге сый-сыяпат дайындадық. Алла сіздерге берік иман, отбасыларыңызға амандық берсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында «Зекет» қоры «Жусан» операциясы арқылы елге оралған 8 отбасыға азық-түлік және тұрмыстық заттар үлестірді.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру