«ЖУСАН» ОПЕРАЦИЯСЫМЕН КЕЛГЕН 10 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН КӨМЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

30 қыркүйек 2024 277 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйытқы болуымен «Жусан» операциясы бойынша елге оралған 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, жат ағым бағыты бойынша Астана қаласы өкілдігіндегі жауапты маман Рахымқазы Қабдысалым тиісті отбасыларға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түліктер салынған арнайы сөмкелерді табыстап шықты.

Айта кетсек, кезінде «Жусан» операциясымен елге оралған отандастарға бүгінгі күні ҚМДБ тарапынан діни оңалту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп, тіпті қайырымдылық шаралары да өткізіліп келеді.

Пікірлер Кіру