ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП-2023: ДІНИ БАСҚАРМА САЙТТАРЫНА 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ КОНТЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ

16 қаңтар 2024 1581 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының интернет-ресурстарына 2023 жылы 28 740 контент жарияланды. Бұл туралы ҚМДБ Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы хабарлады.

«Діни басқарманың www.muftyat.kz ресми сайтына 2333 материал салынды. Нақтырақ айтатын болсақ, 1979 жаңалық, 175 мақала, 41 сұрақ-жауап, 121 видео контент жарияланды. Ал өкілдіктерге қарасты сайттарда 26 407 материал жарық көрген. Мүфтияттың ресми сайтын 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығында 3,5 миллион адам қарады. Тәулігіне тұрақты 15-18 мың оқырман, Рамазан мен Мәуліт айлары, Құрбан айт, Ораза айт мерекелерінде тәулігіне 35000, ең көбі 129 000 адам сайтты қараған» деді бөлім меңгерушісі.

Бөлім мамандары осы жылы мүфтият жұмысын халықаралық деңгейде насихаттауға үлес қосты. Атап айтқанда, республикалық және халықаралық деңгейде өткен іс-шаралар әлемге танымал әл-Жазира, ТРТ, Анадолы, МИР сынды ақпарат агенттіктерінде жарияланып, көрермен назарына ұсынылды. Еліміздегі және әлемдегі оқиғаларға қатысты ҚМДБ ұстанымын білдіретін 28 ресми мәлімдеме жарияланды. Атырауда «Азан» радиосы ашылып, ғибратты хабарлар тыңдарманға жол тартты. Қажылық маусымында бесінші парызды толық түсіндіретін арнайы фильм әзірленді. Бір жылда әлеуметтік желілер мен сайттарға 4500-ден астам фото-баннер жасалып, таратылды.

​Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі 

Пікірлер Кіру