Зілзала кезінде құтқару жұмыстарына қатысқан босқын марапатталды

29 қаңтар 2020 5044 0
Оқу режимі

Түркия республикасының Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Ходжа және Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу жер сілкінісі кезінде жанкештілік танытып, бүкіл бір жанұяны құтқарып қалған сириялық жігітпен арнайы кездесті.

Haberturk газеті хабарлағандай, Махмуд әл-Осман есімді сириялық жігіт зілзала кезінде үйінді астында қалған Дюрдон және Зюлкюф Айдынның дауысын естіп, жалаң қолмен қазып алып шыққан.

Қос министр Махмудқа өз ризашылықтарын білдіріп, арнайы марапат тапсырды. Сондай-ақ, құтқару жұмыстары кезінде Махмудтың қалта телефоны жоғалғанына байланысты жаңасын сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, 24-қаңтар күні Түркияның Элязыг провинциясының Сивридже қаласында магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісі болған еді. Мәлімет бойынша, 41 жан қайтыс болып, жараланғандардың саны 1600-дың үстінде саналып отыр.
 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру