- Сұрақ жауап
- Күн ыстықтағы оразаның сауабы мол болады ма?
Күн ыстықтағы оразаның сауабы мол болады ма?

Ассаламу алейкум! Ыстық күні тұтқан оразаның сауабы жай күндердегі ораза сауабынан көбірек пе?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Ораза – пендені Алла Тағалаға жақындатушы ең абзал құлшылықтардың бірі. Хақ Тағала ризашылығы үшін бір күн ораза тұтқан адамның жүзі тозақтан жетпіс жылға алыстатылады. Бұл жайлы Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Кімде-кім Алла жолында бір күн ораза тұтса, Алла Тағала оның дидарын тозақтан жетпіс жылға алыстатады[1]», – деген риуаят жеткізген.
Ал, оразаны тұту тәуліктің ұзақтығы немесе күннің ыстығына байланысты қиындай түссе, оның сауабы да көбірек болады. Айша (р.а.) анамызға Алла елшісі (с.ғ.с.) ұмра қажылығында: «Расында саған қиналғандығың және жұмсаған қаражатыңның мөлшеріндей сауап бар[2]», –деген екен.
Хадисте айтылғандай, құлшылық жасау барысында кездескен қиыншылықтар ғибадаттың сауабын еселей түседі.
[1] Бұхари
[2] Сунан Дарақұтни
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
- Telegram