Массаж жасатудың үкімі қандай?
24 ақпан 2021
7211
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Массаж жасатуға бола ма? Оның қандай талаптары мен тыйымдары бар?
Жауап
Уа алейкум ассалам! Денеге массаж жасатудың екі түрі бар:
1.Медициналық массаж
Медициналық массаж – адамның жалпы денсаулығы үшін немесе белгілі бір дене мүше, бұлшық етінің жарақат немесе соққыдан кейін тез қалпына келтіру үшін жасалатын массаж. Массаждың бұл түрін емхана сияқты медициналық орталықтар көрсетеді. Емдік массажға қойылатын талаптар төмендегідей:
- Емдеу барысында әуретке қарау және қол тигізуге рұқсат етілмейді. Ер кісінің әуреті: тізе мен кіндік арасы, ал әйелдің әуреті: бет-жүзі, қос алақаны және тобықтан төмен аяқтарынан басқа денесі түгелдей әурет;
- Ер адамды еркек дәрігер, әйелді әйел дәрігер қарап емдеуі тиіс;
- Емдік үшін науқастың әуретіне қарау және қол тигізу қажет болса, ағзанына тек керекті мөлшерде ғана ашуға және қол тигізуге рұқсат. Имам Науаи: «Қажеттілік ретінде бет-жүзі мен қос қолына қарау жеткілікті. Ал, адамның басқа мүшесіне қарауы қажеттілікке қарай белгіленеді[1]», – дейді;
- Әйелді емдейтін әйел дәрігер болмаған жағдайда емделуші әйелдің жанында жақын туысы немесе бір әйелдің болуы қажет.
2. Кемелдік массажы
Кемелдік массаж – дене мүшені сергіту, рақат беру, пиллинг сияқты мақсатта жасалатын массаж. Массаждың бұл түріне қатысты мынадай талаптар бар:
- Әйел маманның ер кісіге немесе ер маманның әйелге массаж жасауы бүтіндей және түбегейлі тыйым салынады. Бұл – үлкен күнә. Зинаның бір түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...Көздің зинасы – қарау, құлақтың зинасы – есту, тілдің зинасы – сөйлеу, қолдың зинасы – ұстау...[2]», – деген;
- Ер маман ер кісіге массаж жасауы. Еркек маман ер кісінің әуретіне қарамай және қол тигізбей массаж жасауына рұқсат.
- Әйел маман әйел кісіге массаж жасауы. Әйел маман әйел кісінің әуретіне қарамай және қол тигізбей массаж жасауына рұқсат.
Пікірлер
Кіру