Құранды оқу және тыңдау үкімі қандай?
04 тамыз 2021
10222
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Мешітте «Құран оқу – сүннет, ал тыңдау – парыз» деп еді. Парыз болса, парыздың қай түріне жатады. Мүмкін болса, ғалымдардың дәлел-дәйектерімен айтсаңыз. Алдын ала рахмет. Ерлан Карибжанов
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Намаз оқитындай дәрежеде Құран жаттап алу – міндет. Демек, кем дегенде, Фатиха және бір сүре жаттау – уәжіп[1]. Ал, күнделікті Құран оқып жүру – мұстахаб амал[2].
Ал енді, жалпы Құранды тыңдау міндет. Өйткені, Құранның барлық аятында ғибрат бар. Сонымен қатар, Құран оқылғанда, зер салып тыңдау – парыз кифая[3].
Руслан Камбаров
[1] Абдулғани Ғұнайми, Лубәб, 71-бет
[2] Дуррул Мұхтар, 1/509
[3] У.Зуһайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 2-том, 84-бет
Пікірлер
Кіру