Су ішудің әдебі қандай?

05 тамыз 2021 11860 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Су ішудің қандай шарттары бар. Қысқаша жауап берсеңіздер.


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Алла Елшісі (с.ғ.с.) суды үш рет бөліп ішіп: Бұл – шөлді ең жақсы қандыратын, денсаулыққа ең пайдалысы және ең дәмдісі»,[1] – делінген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) суды үш бөліп ішкенді құп көретін. Хадисте айтылғандай, әр реттің арасында тыныстап, демалып алатын. Бұл шөлді қандырып әрі  суді ағзаға мейлінше пайдалы ете түседі.

Ал, суды бір деммен тоқтаусыз ішу асқазанды тітіркендіреді. Салдарынан асқазан мен бауырдың жұмыс реті бұзылады.

Түйіндей айтқанда, су ішудің ең маңызды мынадай әдептері бар:

1. Су және ас ішуден алдын «Бисмилла» айту;
2. Ас және суды оң қолмен ішу;
3. Суды үш бөліп ішу;
4. Ыдысқа үрлемеу (ыстық сусын болса);
5. Суды отырып ішу.
6. Шүкіршілік ету. Су мен тағамды ішіп болған соң, «Әлхамдулилла» деп шүкіршілік айту.

Руслан Камбаров


[1] Муслим

 

 

Пікірлер Кіру