Фатиха сүресінің қанша атауы бар?

09 тамыз 2021 2858 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум! Фатиха сүресінің атауы көп деп естідім. Осы сүренің атаулары жайлы айтып берсеңіздер.


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Фатиха сүресінің имам Құртуби (р.а.) атап өткен он екі атауы бар. Олар:

1. әс-Соләт (намаз). Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен: «Намаз Менің және құлымның арамызда екіге бөлінген...[1]» деген хадис негізінде;
2. Сурат Хамд (мадақ сүресі). Сүре Алла Тағаланы мадақтаумен басталғандықтан;
3. Фатихат Китаб (Құранның беташары);
4. Үмму Китаб (Кітаптың атасы[2]);
5. Үмму Құран (Құранның атасы[3]);
6. әл-Масани (қайталанушы) Үбай бин Кағб (р.а.) риуаят еткен хадисте: «...Ол жеті қайталанушы (аяттар), ол жөнінде Алла Тағала: «Біз саған қайталанатындардан жетеуін және ұлы Құранды бердік[4]», – деген[5]»;
7. Құран Ъазым. (ұлы Құран[6]) ;
8. әш-Шифа (шипа[7]);
9. әр-Рұқия (ем, дем[8]);
10. әл-Асас (негіз);
11. әл-Уафия (толық қамтушы);
12. әл-Кафия (жеткілікті). Убада бин Сомит (р.а.): «Үмму Құран (Фатиха) басқа сүренің орнын толтырады, ал басқа сүре оның орнын толтыра алмайды[9]», – деген хадис жеткізген.

 


[1] Муслим және төрт сунан кітабында
[2] Мажаз Құран
[3] Тухфат Ахуази, Бұхари
[4] Хижр сүресі, 87-аят
[5] Муслим
[6] Жоғарыдағы сілтеме
[7] Бұхари, Тирмизи
[8] Бұхари, Тирмизи
[9] Мустадрак

Пікірлер Кіру