Құран аудармасын дәретсіз ұстауға бола ма?

30 мамыр 2022 7433 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Құранды дәретсіз ұстауға болмайтынын білем, осы тыйым Құранның аудармасына да қатысты ма? Әлде дәретсіз ұстай берсем бола ма?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Құран Кәрімнің араб тіліндегі нұсқасын дәретсіз ұстауға тыйым салынатыны белігілі. Тура солай Құран Кәрімнің басқа тілде жазылған транскрипциясын дәретсіз ұстауға рұқсат етілмейтіне Ханафи ғалымдары бір ауыздан келіскен[1].

Ал Құран тәпсірін дәретсіз күйде ұстауға бола ма, жоқ па турасында ғұламаларымыз түрлі пікірлер алға тартқан. Ибн Абидин өзінің еңбегінде бұл пікірлерді қорытындылай келе бұны «мәкруһ» (жағымсыз) амалға жатқызды[2].

Құран аудармасы да тәпсір ретінде қарастырылады. Сондықтан оны да дәретсіз ұстамаған абзал. Алайда ішінде араб тілінде жазылған Құранды тек дәретпен ұстау керек. Сондай-ақ кейбір ғұламаларымыз Құран арапшасы ішінде жазылған түсіндірме мәтінмен салыстырғанда көлемі жағынан басым болса немесе онымен тең келсе, онда ондай еңбектерді дәретсіз ұстауға болмайтынын айтқан.

Қорытынды:

- Құран Кәрімнің қазақша транскрипциясын дәретсіз ұстауға болмайды.

- Араб тіліндегі Құранмен қатар жазылған қазақ тіліндегі аудармасын дәретсіз ұстау – мәкруһ амал. Яғни, оны дәретпен ұстау – мустахаб (ұнамды іс). Кейбір ғұламаларымыз бұны арабша жазылған Құранның көлеміне қарай үкім бергенің де ұмытпайық.

- Бірде бір арабша сөзі болмаған, тек қазақ тілінде жазылған аударманы дәретсіз ұстауға – рұқсат. Себебі, тәпсір кітаптарын ұстау мәкруһ деп айтуларының мәні – ондағы араб тіліндегі Құранның жазылғандығынан еді. Соған қарамастан аударманы да дәретпен ұстау абзал. Нәтижесінде Ұлы жаратушымызға тиесілі қасиетті кітаптың мағынасы. Алла Тағала Құран Кәрімде:

﴿ذَٰلِكَۖ وَمَن يُعَظِّمۡ شَعَٰٓئِرَ ٱللَّهِ فَإِنَّهَا مِن تَقۡوَى ٱلۡقُلُوبِ٣٢﴾ [الحج: 32]

«Кімде-кім Алланың нышандарын лайықты түрде құрмет тұтып ұлықтайтын болса, бұл шын мәнінде, жүректердің тақуалығынан»[3

 

Дарханұлы Тамирлан
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
 пәтуаға жауапты маманы

 

 


[1] Хасан ибн Әли Шурунбуляни, «Мароқил-Фалах» 126 бет.
[2] Хашияту ибн Абидин, 320 бет.
[3] Хаж сүресі, 32 аят.

Тегтер: Құран дәрет

Автор: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру