Қадір түні Рамазанның қай түні?
Қадір түні Рамазаның қай түнінде?
Жауап
Қадір түнінің қай түнге сәйкес келетіндігі тек қана Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғана білдірілген. Алайда әрбір істі белгілі бір хикметпен, даналықпен жаратқан Алла Тағала Пайғамбарымызға ол түнді ұмыттырған. Десе де, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің көптеген хадистерінде қадір түнін рамазан айының соңғы он күндігінде және сол он күндіктің тақ түндерінен іздеуімізді бұйырған. Яғни қадір түні рамазан айының 21, 23, 25, 27, 29 күндері болуы әбден мүмкін. Тақ түндерге байланысты сахаба Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) бірнеше жолмен жеткен сахих хадисінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнін Рамазанның 27-түні іздеңдер», – деген (Бұхари, Мүслим). Осы сынды хадистерге сүйенген көптеген ғалымдар, әсіресе Орта Азия мұсылман жұрты осы түні қадір түні болуы әбден мүмкін деген болжам жасаған. Алайда, қадір түнінің нақты қай түн екендігі тек бір Аллаға ғана аян. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазанның соңғы он күндігінде құлшылыққа ерекше беріліп, иғтикафқа кіретін еді деген. Иғтикаф – құлшылық мақсатымен мешітте оқшаулану. Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) сөздерін ескерсек, рамазан айының соңғы он күнінде, Қадір түні 57 әсіресе тақ түндерінде құлшылыққа ерекше ден қойған жөн. Сонда соңғы он күндіктің ішіндегі тақ түндерінің біріне сәйкес келу ықтималдығы жоғары болады.