Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

12 сәуір 2023 4046 0
Оқу режимі

Қадір түнін қалай өткізген дұрыс? немен айналысу керек?


Жауап

Қадір түні мың айдан да қадірлі ерекше түн. Яғни, 83 жыл 4 айды бәлкім одан да көп уақытты құрайтын қасиетті түн. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Аллаға иман келтіріп, сауабын Алладан үміт ете отырып қадір түнін құлшылықпен өткізетін болса, оның өткен барлық күнәлары кешіріледі», – деген (Бұхари). Ал қасиетті Құранның «Духан» сүресінің 3-аятында бұл түннің берекеге толы түн екендігі баяндалады. Ислам ғалымдары осы аят пен хадистерге сүйене отырып, кімде-кімнің құлшылығы, дұға-тілегі мың айдан да қадірлі қадір түніне, сол сәтке сәйкес келетін болса мың ай құлшылық жасағандай, бәлкім одан да көп сауапқа кенеледі деп тұжырымдама жасаған. Демек, бұл түні көбірек құлшылық жасауға, Алладан біліп және білмей істеген күнәларымыз үшін тәубе етіп кешірім сұрауға, көбірек Құран оқуға, Пайғамбарымызға салауаттар айтып күн батқаннан таң атқанға дейін уақытымызды құлшылықпен өткізуге ден қоюымыз қажет.

"Оразаға қатысты 200 сұрақ" кітабынан

Пікірлер Кіру