Соңғы тарауих намазы қашан?

19 сәуір 2023 7493 0
Оқу режимі

Соңғы тарауих намазы Рамазанның соңғы күні оқыла ма? Ертең соңғы тарауих па? әлде бүгін бе?


Жауап

Жаңа күннің басталуы күн батқанннан кейін, яғни ақшам намазынан кейін болатындықтан алғашқы тарауих намазы Рамазан оразасы басталуының алдыңғы күні оқылады. яғни, Шағбан айының соңғы күнінен 1-ші Рамазанға қараған түні.  Сондай-ақ, соңғы тарауих намазы да Рамазанның соңғы күні бітуінен алдын оқылады.

Биылғы жылы Рамазан айы 29 күннен тұрады. Демек, соңғы тарауих намазы 28-ші Рамазан оразасын ұстап болғаннан кейін 29-шы Рамазанға қараған түні оқылады. Милади жыл санауымен биыл 19 сәуірдің кешінде соңғы тарауих намазы оқылып, 20 сәуір күні Рамазан оразасының соңғы ауызашары болмақ.

21 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Пікірлер Кіру