ҮЛКЕН КҮНӘ ЖАСАҒАН АДАМ ДІННЕН ШЫҒА МА?

24 шілде 2024 1626 0
Оқу режимі

Сұрақ: Үлкен күнә жасаған адам діннен шыға ма?


Жауап

Жауап: «Үлкен күнә» деп аты айтып тұрғандай, бұған өз-өзіне қол жұмсау, ішімдік ішу, намазды тастап кету, зина жасау және сол сияқты т.б. ауыр күнәлар жатады.

Жалпы мұсылман адам күнәні үлкен-кіші деп бөлмей, оның қандай түрінен болса да мүмкіндігінше сақтануы міндетті. Алайда, егер адам пенделік етіп үлкен күнәнің бірін жасап қойса, онда әһли сунна уә әл-жамағаның көзқарасы бойынша, бұл күпірлікке жатпайды. Яғни, адам кәлима таухидті айтып (Алланы бар және Оны бір деп жүрегімен қабылдап, тілімен иқрар етіп), Исламның барлық үкімдерін қабыл алған болса, кәпір болмайды, бірақ күнәһар саналады.

Ондай адамды кәпір деп айтуға ешкімнің ақысы жоқ. Өйткені ол Алланың адал еткен нәрсесін арам, арам қылған нәрсесін адал деп дінге күпірлік қылмады. Ол адам дінді барлық шарттарымен, үстіндерімен қабылдап, мойындап отыр.

Оның кінәсі – күнә жасауы. Сол себепті ол күнә жасағаны үшін күнәһар мұсылман болып қалмақ. Мұсылман адам өзінің күнәсына сәйкес азабын тартып, кейін Алла қаласа марапатқа ие болады. Қаласа Алла Өзі кешіріп, тікелей жәннатқа кіргізуі де мүмкін.

Дегенмен, күнә жасаған адам ол нәрсені қайталамайтындай шынайы тәубе етуі тиіс.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру