ӨЗІН-ӨЗІ ӨЛТІРГЕН МҰСЫЛМАН АДАМНЫҢ ЖАНАЗАСЫ ОҚЫЛА МА?
10 сәуір 2025
542
0
Оқу режимі

Сұрақ: Өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның жаназасы оқылады ма? Әр кітапта әр-түрлі пәтуа берілген. Бір фиқһ кітабында ондай кісінің жаназасы оқылады десе, біреуінде оқылмайды деген. Осылардың қайсысын пәтуаға аламыз?
Жауап
Жауап: Өзін-өзі өлтірген адам үлкен күнәһар болады, бірақ діннен шықпайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұндай жағдаймен өлген кейбір кісілердің жаназасын оқымаған. Дегенмен өзін-өзі өлтірген мұсылман адамның жаназасы оқылады. Себебі Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әр мұсылманның ол ер, не әйел болсын, үлкен, не кіші болсын, күнәһар болса да күнәһар болмаса да жаназаларын шығарыңдар»,-деген.
Тек имам не наиб имамнан басқа жаназа намазын білетін намазхан адам шығару керек.
Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=163
Автор: айтбай арслан
Пікірлер
Кіру