Жарыс болатын күні бір күн ауызды ашса бола ма?
16 мамыр 2019
9665
0
Оқу режимі
Ассаламағалейкум! Спорттан жарыс болатын еді. Соған бір күн аузымды ашсам бола ма?
Жауап
Уағалейкумуссалам!
Ораза кезінде қатты қиналып, сырқаттанып қалған жағдайларда ғана ауызды ашуға рұқсат етіледі. Ал, спорттық жарысқа қатысу үшін ауызды ашуға болмайды. Спорттың қай түрі болмасын, физикалық күшті талап етеді. Физикалық күш қолданылған жағдайда сізді шөл қыса бастайды. Сондықтан, оның оразаға айтарлықтай зияны бар. Бұндай жағдайда сіз үшін ораза маңызды екенін ескеріңіз. Сол үшін спорттық жарысқа қатыспаудың жолын қарастырғаныңыз жөн.
Пікірлер
Кіру