О дүниелік болған адамның атынан пітір беруге бола ма?

27 мамыр 2019 16083 0
Оқу режимі

Сәлеметсіз бе? Рамазан айында берілетін пітір садақаның сауабы тие берсін деп қайтыс болған адамдардың атынан беруге бола ма? Рахмет! Қарлығаш.


Жауап

Сәлеметсіз бе, Қарлығаш!

Пітір садақаны о дүниелік болған адамдардың атынан беру міндет емес. Дегенмен, олардың атынан сауабы тие берсін деп беруге рұқсат. Иншаалла сауабы тиеді. Өйткені, төрт халифаның бірі Әзіреті Осман үлкеннің де, кішінің де, әлі дүниеге келмеген қарындағы баланың да атынан, тіпті мінген аты үшін де пітір садақа бергендігі деректерде келеді. Әрине, ардақты сахабаның ол әрекеті міндеттелгендіктен емес, сауап үшін жасалған мұстахаб амалды білдіреді[1]

 


[1] Әл-Айни, әл-Биная – 3/489 бет.

Тегтер: пітір рамазан
Пікірлер Кіру