Ораза айт намазына тамақ ішпей бару керек пе?

04 маусым 2019 11956 0
Оқу режимі

Ассалам алейкум. Ораза айт күні намазға дейін ешнәрсе ішпеу керек пе? Қарақожаев А.


Жауап

Уа алейкум ассалам. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті бойынша, ораза айтқа дейін бір нәрсе жеген жөн. Имам Бұхари Әнәстан (р.а) мынаны жеткізген:

كَانَ رَسُولُ اللهِ لاَ يَغْدُو يَوْمَ الفِطْرِ حَتَّى يَأْكُلَ تَمرَاتٍ

«Фитр (ораза айт) күні Алла Елшісі (с.ғ.с) бірнеше құрма жеместен шықпайтын еді». Осы хадиске сүйене отырып, ораза айт намазына дейін бар болса, бірнеше құрма, болмаса, басқа нәрсемен дәм татып шыққаны сүннет. Егер оған да ыңғай келмесе, бірден намазға бара берсе де болады.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы

Пікірлер Кіру