30 күн ораза ұстамай, тек шәууәл айында ауыз бекітсем бір жылдық сауап алам ба?
08 маусым 2019
15911
0
Оқу режимі
Әссәләму әлейкум! Менің сұрағым: Егер мен 30 күндік оразаны ұстамай шәууәл оразасын ұстасам, бір жылдық сауап алам ба? Әсел
Жауап
Уағалейкумуссалам, Әсел!
Шәууәл айындағы нәпіл оразаны ұстаған адам иншаАЛЛА сауапқа кенеледі, алайда бұл Рамазан айындағы парыз оразаның орнын баспайды. Рамазан айындағы ораза – Алла Тағаланың құлдарына бұйырған парызы. Мұның орнын ешқандай нәпіл ораза толтыра алмайды.
Сондықтан «Рамазан айын ұстамай, одан кейінгі келетін шәууәл айындағы бір жылдық сауабы бар нәпіл оразамен орнын толтыра салам» деген пікірден аулақ болу керек. Себебі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Шәууәл айының 6 күндік оразасын Рамазан айымен қосып ұстағанға ғана бір жылдық сауап бар деп отыр өзінің асыл сөзінде.
Пікірлер
Кіру