Жайнамазымда ешкінің суреті бейнеленген, не істеймін?

18 шілде 2018 15343 0
Оқу режимі

Жайнамазымда ешкінің суреті бейнеленген екен, оны енді байқадым. Енді, ол жайнамазда оқымауым керек пе?

Нұрдәулет Тұрғынбаев


Жауап

Нұрдәулет, жайнамазыңызда анық ешкінің бейнесі кескінделген болса және сол сурет дәл сәжде жасайтын жеріңізге дөп түссе, бұл жағдайда әлгі сурет табан астына келетіндей етіп жайнамаздың бас жағын аяқ жаққа, аяқ жағын бас жаққа ауыстырып қойып, намазыңызды оқысаңыз болады.

Өйткені, шариғатта жерге төселген төсеніштегі жанды заттың суреті сәжде қоятын жеріне дәл келсе ғана мәкрүһ, ал табанының астында тұрған суреттің намазға зияны жоқ[1].

Бірақ мынаны қатаң ескеріңіз: әлгі жайнамаздың бас жағында ешкінің бейнесімен қоса қағбаның, мешіттің т.б. дінімізге қатысты дүниелердің суреті немесе діни жазу болмауы керек. Себебі, ауыстырған жағдайда бұл суреттер аяқ астыға келіп қалады. Бұл дұрыс емес.

[1]Ибн Ғабидин –2/417 бет. 

Абдусамат Қасым

Пікірлер Кіру