Ережеп айы жайлы хадистер ойдан шығарылған ба?
Ассаламу алейкум! Ережеп айы жайлы хадистер ойдан шығарылған ба? Намазхан
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Хафиз Ибн Хажар әл-Асқалани «Табиин ажаб бимә уарада фи фадл ражаб» атты трактатында Ережеп айы, осы айда ораза тұту жайлы хадистерді жинаптап, ол хадистерді әлсіз (даиф) және ойдан шығарылған (маудуъ) деп бөлген. Әлсіз хадистер саны – 11.
Ал, ойдан шығарылған хадистер саны – 21. Олардың ішінде мынадайы бар: «Кімде-кім ережептің ортасында 14 ракағат намаз оқыса. Әр ракағатында фатиханы 1 рет, ықыласты 20 рет, фалақты 3 рет, нәсты 3 рет оқыса. Намазды бітірген соң, маған 10 рет салауат айтып, артынан Алла Nағалаға 30 рет пәктеу, мадақтау, ұлықтау және дәріптеу айтса. Оған Алла тағала сауабын жазып, фирдаус жәннатында ағаш егетін мың періште жібереді...».
Әрине, ойдан шығарылған хадистерге амал етуге болмайды. Бірақ, әлсіз хадистер де хадис болып табылады. Тіпті, бір тақырыптағы бірнеше әлсіз хадис хасан хадис дәрежесіне көтеріледі. Сондықтан, әлсіз хадиске сүйене отырып абзал амалдарды орындаудың ешбір айыбы жоқ.